Радио туралы

«Energy FMнің» қысқаша тарихы
«Shahar» радиостанциясы алғаш рет эфирге 1997 жылы 21 мамыр күні 102,2 жиілігінде шықты. Ол кездегі музыкалық форматты New Adult Contemporary немесе SOFT бағытындағы әуен ретінде тануға болатын.
 
Сипаттамасы:
«Energy FM» радиостанциясы – бұл сапалы дыбыс, қызықты жаңалықтар мен шоу-бағдарламалар және әлемдік аренадағы хит әндер топтамасы. «Energy FM»ді ғаламтор арқылы онлайн жүйеде тыңдауға мүмкіндік беретін радио болғандықтан кез келген адамға ыңғайлы болмақ. Ал ең бастысы 102,2 жиілгі бұл тәулік бойына жұмыс жасайтын толқын. Сондықтан жаныңызға жақын әндерді кез келген уақытта тыңдай аласыз.
 
Музыкалық бағыт: pop, dance.
 
Радиостанция «Тілге қатысты заңға» сәйкес 50% қазақ тілінде хабар таратады. Біз қазақ эстрадасын көтеру үшін отандық әншілерге қолдау көрсетеміз.  Ана тілінде ән шырқайтын жас таланттарды да насихаттап отырамыз. «Energy FM» эфирінде арнайы тексеруден өткен, кәсіби өңделген, заманауи қазақ әндері беріледі. Мемлекеттік тілде жүретін радиохабарлар стилі, бағыты, мазмұны жағынан еліміздегі басқа да толқындар арасында үздігі болып отыр.
 
Біздің мақсат: Қаражатты қалай табу сәйкесінше жұмсау керек екендігін білетін, өзін дамытып отыруды дұрыс деп санайтын орташа және жоғары деңгейдегі белсенді қала тұрғындарының қажеттілігіне жарайтын сапалы ақпарат ұсыну
 
Радиостанцияның міндеті: Тыңдарманның өміріне қажет ақпаратпен сусындандырып отыру. Әр жарты сағат сайын соңғы жаңалықтар топтамасымен таныстыру. 
 
Аудитория: 18-45 жас аралығындағы адамдар