Лаура Омар

Лаура Омар

1.     Ұстаным (кредо): «Таңғы нәсіп – тәңірден, бір мәнісі болар!..»

2.     Туған жылы: 17 тамыз 1987 ж.

3.     Қалай радиожүргізушісі болдым: асқақ арманым адастырмаған соң 

4.     Хобби: күні бойы латина және шығыс биін билеуге әзірмін

5.     Мен тыңдаймын: Селин Дион, Ғалымжан Молданазар

6.     Радио – ол:  мен үшін Радио – сиқырға толы таңғажайып әлем!

7.     Өмірімде жасамағаным: парашютпен секірмегенмін

8.     Өзіңізді не үшін жақсы көресіз?  жақындарыма ерекше сыйлық сыйлай алғаным үшін

9.     Кемшілігіңіз: еріншектігім басымырақ

10.    Өміріңізде естіген ең мәнді кеңес:  ешқашан да өткеніңе өкінбе! (...бірақ жіберген қателіктерімді жиі еске алып, мазам қашатын кездер болады...)

11.    Мақсатыңыз: кішілік деген баспалдақпен кісіліктің шыңына шығу!

12.    Сүйікті әдебиетіңіз: Cиссилия Ахерннің барлық шығармасы

13.    Бала арманыңыз: білмейм неге екенін кез келген затты микрофон деп елестететінмін. Соған қарағанда радио саласында жүретінімді сол кезде-ақ сезген шығармын

14.    Балалық шақ қайда кетеді? ата-анам барда, балалығым ешқайда кетпейді 

15.    Тыңдармандарға тілерім:  мүмкіндігінше жаныңызға жақын іспен шұғылданыңыз!